Ципрас: 9 шілдеге дейін реформа жоспарын ұсынамыз

Грекия премьер-министрі Еуропа парламентінде сөйлеп тұр. Страсбург, 8 шілде 2015 жыл.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас бүгін 9 шілдеге дейін экономикалық реформаларға қатысты нақты ұсыныстарын көрсетуге уәде берді. Ципрастың бұл мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Еуропа Одағының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комиссары Пьер Московиси Брюссель Афиныдан Грекияның еуро қолданатын аймақта қалуына мүмкіндік тудыратын "кешенді және маңызды реформалар" күтетінін мәлімдеген.

Московиси Франция мен Германия Грекия премьер-министрін Афины 331 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік қарызына қатысты дефолтқа ұрынбау үшін керекті займ алғысы келсе реформалар жоспарын ұсынуға көндіруі керек дейді. Еуро қолданатын елдер Грекияға 12 шілдеге дейін жаңа ұсыныстарын көрсетуге мұрсат берген.

Еуропа комиссиясы президенті Жан-Клод Юнкер Брюссель Грекияның еуро қолданатын аймақтан шығуының "егжей-тегжейлі жоспарын" дайындап қойғанын айтты.

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск бүгін Еуропарламентте "Еуропа Одағының болашағы" талқыланатынын айтып, Еуропа Одағының жетекшілерін Брюссельде өтетін алдағы саммитке қатысуға шақырды. Туск егер тараптар келісім жасай алмаса Грекия банкрот болатынын мәлімдеді.