БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлем "СПИД-тен ада кезеңге" қадам басып келе жатқанын мәлімдеді.
"Әлем СПИД эпидемиясын тоқтатуға шақ тұр. Енді біз СПИД-ті жеңуге кірісуіміз керек" деді Пан Ги Мун 14 шілдеде Эфиопия астанасы Аддис Абеба қаласында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін UNAIDS (БҰҰ-ның СПИД-пен күрес жөніндегі агенттігі) 15 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда жаңадан СПИД жұқтырғандар саны 35 пайызға азайып, бұл індетпен байланысты өлім 41 пайызға кемігенін хабарлаған.
БҰҰ агенттігі бұған қоса бұған дейін алға қойылған 2015 жылдың соңына дейін 15 миллион адамды ВИЧ-тен емдеу мақсаты биыл наурыз айында-ақ орындалғанын мәлімдеген.
UNAIDS-тың дерегінше, әлемде 2000 жылдан бері жаңадан 30 миллион адамның ВИЧ індетін жұқтыруы мен 8 миллионға жуық адамның СПИД себебінен қайтыс болуының алды алынған.