Бүгін Павлодар облысында газ құйылған цистерналар темір жолдан шығып кеткені туралы ақпарат тарады.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз – Ерейментау бағытындағы темір жол учаскесінің Шідерті станциясында 2113-жүк пойызының сұйытылған газға толы үш цистернасы рельстен шығып кеткен.
Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарланды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясында арнайы комиссия құрылған.