Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады.
Австралияның Дарвин қаласында жергілікті командамен кездескен Қазақстан спортшылары 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бүгін өткен соңғы екі матчта австралиялық Сэм Грот қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:3, 7:6, 6:4. 7:6 есебімен ұтты. Александр Недовесов Ллейтон Хьюиттан 6:7, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Ширек финалдың бірінші күні Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов алғашқы қарсыластарын жеңіп, Қазақстан 2:0 есебімен алда тұрған еді. 18 шілдеде Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Ллейтон Хьюит және Сэм Грот жұбынан жеңіліп, есеп 2:1-ге қысқарған.
Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының осымен төртінші рет ширек финалда жеңілуі.