Астанадағы автобус апатынан 20 адам зардап шекті

Астанадағы автобус. (Көрнекі сурет).

Астанада автобус бағанаға соғылып, 20 адам зардап шеккен. Қалалық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, оқиғадан кейін 20 адам медициналық көмек алып, төрт адам ауруханаға жатқызылған. Ауруханаға жеткізілгендер қатарында автобус жүргізушісі де бар.

Жол апаты 19 шілдеде Астанадағы Қонаев даңғылында болған. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі күн ыстықта өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған.

Департаментінің хабарлауынша, қазір оқиға қатысты тексеріс жүріп жатыр.