ОҚО-да кәмелетке толмаған 350 қыздың аяғы ауыр

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) кәмелетке толмаған 350 қыздың аяғы ауыр деп мәлімдеді бүгін президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев.

Астанада баспасөз жиынында сөйлеген Тұтқышев ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша жасы 12-ге енді толған аяғы ауыр қыздар саны 350-ден асатынын айтты.

Нақты санның бұдан басқаша болуы мүмкін екенін айтқан Тұтқышев бұл мәселеде мемлекет қана емес, ата-ананың да жұмыс істеуі қажет деген.