Түркия ресми органдары Сириямен шекаралас Жейланпынар қаласы маңында шабуылдан екі полиция қызметкері мерт болғанын хабарлады.
Шанлыурфа аймағының губернаторы Иззетин Кучук екі полицейдің қазасының терроризммен байланысы бар-жоғы анықталмағанын айтты.
Шілденің 20-сы күні Түркияның Сириямен шекарасына жақын Суруч қаласындағы мәдени орталықта болған жарылыстан 28 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланып, жергілікті ауруханаларға жатқызылған.
Бұл террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.
Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Түркия «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресті тоқтатпайтынын, шекарада күзет күшейтілетінін айтты.