Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев биыл қазанның 4-і күні елде парламент сайлауын өткізу туралы жарлық шығарды.
Үкіметке сайлауға қаржы бөлу, сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын қамтамасыз ету жүктелген.
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясына «сайлаудың еркін, әділетті және таза өтуін қамтамасыз ету» міндеттелген.
Бас прокуратураға сайлауға дайындық және оны өткізу барысында Конституция мен заңдардың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылған.