Мексика - Солтүстік Америка чемпионы

Мексикалық жанкүйерлер. (Көрнекі сурет).

Футболдан Мексика құрамасы АҚШ пен Канада да өткен "Алтын КОНКАКАФ кубогын" (Солтүстік Америка чемпионаты) ұтып алды. Олар финалда Ямайка құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Ал қола медаль АҚШ-ты 1:0 есебімен жеңген Панамаға бұйырды.

Мексика бұл кубокты оныншы рет ұтып отыр. Соңғы рет 1998 жылы жеңген. Ал Ямайка Солтүстік Америка чемпионатының финалына алғаш рет шықты.

Футболдан келесі Солтүстік Америка чемпионаты 2017 жылы өтеді.