Қазақстан ДСҰ-ға ресми түрде мүше болды

ДСҰ бас директоры Роберто Азаведо (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Женева, 27 шілде 2015 жыл.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас кеңесі бүгін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы шешімі жобасын бекітті. Жобаны бекіту ДСҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде өтті.

Шараға ДСҰ бас директоры Роберто Азаведо мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрді.