Алматы қалалық ішкі істер департаменті қаладағы сел кезінде қаза тапқан тұрғын туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Департамент "әлеуметтік желідегі тазалау кезінде табылған мәйіт туралы ақпарат жаңсақ, селден мерт болғандар жоқ" деп мәлімдеген.
23 шілдеге ауған түні Алматының бірнеше ауданында сел жүріп, төтенше оқиғадан мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ондаған адам дәрігерге қаралған. Ресми орындар селге Алматы маңындағы Қарғалы өзені бассейніндегі 8-мұздық астында орналасқан, шамамен 40 мың текше метр су жиналған көлдің табаны бұзылуы себеп болды деген болжам айтады.