Ақтөбе облысында алты жүк вагоны өртенді

Төтенше жағдайлар қызметі темір жолдағы апат салдарынан шыққан өрт шыққан жерде. (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысында бүгін жүк пойызының рельстен шығып кеткен алты вагоны өртенді. "Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, Ақтөбе облысы аумағында түстен кейін сағат 15:20-да Қандыағаш - Жем теміржол бөлімінің Қыдық - Жем өткелінде жүк пойызының 20 вагоны рельстен шығып кетіп, оның алтауы өртенген. Төтенше оқиғадан шкім зардап шекпеген

Оқиға орнына дереу өрт сөндіруші және құтқарушы пойыздар барып, шамамен үш сағаттан соң өрттің жан-жаққа жайылуын тоқтатқан.

Қазір оқиға себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.​