Алматы әуежайында үш ауғанстандық ұсталды

Алматы аэропорты

ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Алматы әуежайында үш Ауғанстан азаматы ұсталған. Олар Алматыға Дубай арқылы келген. Ауғанстандықтар "жалған құжат пайдаланып, шекарадан өтпек болды" деген күдікпен ұсталған.

Шекара қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар Ұлыбритания паспортын пайдаланып, Еуропаға өтпен болған. Олар қайта Дубайға депортацияланады.