АҚШ ИМ-мен соғысу үшінТүркияға ұшақтар жіберді

Түркияның Адана қаласы маңында жүрген F-16 үшағы.

9 шілде күні АҚШ "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы содырларымен соғысу үшін Түркияның "Инжирлик" әскери базасына алты әскери F-16 ұшақтары мен 300 әскери қызметкер жіберді.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскерилер мен ұшақтар Италиядағы Авиано базасынан аттанған.

60 ел кіретін халықаралық коалицияның мүшесі АҚШ пен Түркия "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресіп, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды көздейді.

Түркия ИМ содырлары шекаралас аймақтарда бірнеше рет терракт ұйымдастырғаннан кейін бұл экстремистік топқа қарсы соғысқа қосылған.