Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Таиланд астанасы Бангкоктегі жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
"Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Құзырлы органдар әлі тексеріп жатыр" деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.
17 шілде күні Таиланд астанасы Бангкок қаласының орталығында болған жарылыстан 27 адам мерт болып, 80 адам жарақат алған.