"Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымының содырлары Пальмира қаласында антикалық дәуірді зерттейтін 82 жасар ғалым Халед Асадты өлтірген.
Сириядағы тарихи ескерткештерді қорғау ведомствасының жетекшісі Маамун Абдулкаримның айтуынша, ИМ содырлары ғалымның денесін Пальмира қаласының орталығына іліп қойған.
«Ғалымның денесі қала орталығындағы ежелгі колоннаның бірінде әлі ілулі тұр" деді Абдулкарим. ИМ ғалымды бір ай бұрын тұтқынға алған.
2014 жылдың жазында Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алған ИМ содырлары содан бері аймақта арасында езидтер, сириялық христиандар бар - жүздеген адамды өлтірген.