Алматыдан 334 километрде жер сілкінді

Көрнекі сурет

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 334 километрде жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Қуаты 4,1 магнитуданы құрайтын жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:40-та болған. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, жердің бес километр тереңдігінде болған.

Алматы облысында жер сілкінісі дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.