Үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы қазақстандық Ольга Рыпакова Қытай астанасында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпионат басталған сенбі күні Ольга Рыпакова 14,44 метрге үш қарғып секіріп, бәсекелестер арасында төртінші нәтиже көрсетті. Осы бағдарлама бойынша сынға түскен тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Ирина Эктова 13,61 метрге секіріп, жарыстан шығып қалды.
Енді Ольга Рыпакова тамыздың 24-і күні өтетін жарыс финалына қатысады.
Жеңіл атлетикадан Пекинде өтіп жатқан әлем чемпионаты тамыздың 30-ына дейін жалғасады.