Әзербайжанның Мингечевир қаласында сенбі күні 27 жастағы Бахруз Гаджиевті жерлеген соң наразылық танытқан адамдарды полиция күшпен таратты. Шеруге шыққандармен қақтығыста полицияның төрт қызметкері зардап шегіп, полиция көлігі бүлінгені хабарланды.
Полиция шеруге шыққандардан бірнеше адамды ұстап, оларға қарсы «қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін» іс қозғалғанын мәлімдеді.
Тамыздың 20-сы күні «есірткі таратқан» деген күдікпен ұсталған Бахруз Гаджиев полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Мингечевир қаласының полиция басқармасы «Гаджиев өз-өзін өлтірген» деген ресми мәлімдеме жасаған, бірақ марқұмның туыстары полицияның айтқанына сенбейді.
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев адам қазасына қатысты тергеу ісін жеке бақылауына алатынын мәлімдеген.
Мингечевирдегі наразылық туралы видео:
Your browser doesn’t support HTML5