Әзербайжандағы наразылық
Your browser doesn’t support HTML5
Әзербайжанның Мингечевир қаласында сенбі күні 27 жастағы Бахруз Гаджиевті жерлеген соң наразылық танытқан адамдарды полиция күшпен таратты. Полиция бірнеше адамды ұстап, «қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін» оларға қарсы іс қозғаған. Есірткі таратқан деген күдікпен ұсталған Гаджиев полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Полицияның «ол өз-өзін өлтірген» дегеніне марқұмның туыстары сенбейді. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің видеосы.