Сеул өкілдерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея 23 тамызда өз базасынан 50 әскери сүңгуір қайық шығарған. Бұл қайықтардың қайда жеткізілгені әзірге белгісіз. Солтүстік Кореяда барлығы 70-ке жуық сүңгуір қайық бар деп есептеледі.
Оңтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің мәлімдеуінше, Пхеньян екі ел шекарасы маңындағы артиллериялық қаруларының санын көбейткен.
Ал Оңтүстік Корея Аляскадағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан F-16 эскадрилья қаруларын шұғыл түрде елге алып келген.
23 тамызда екі ел шекарасындағы Пханмундж бөлімшесінде Сеул пен Пхеньян өкілдері келіссөз жүргізген.
20 тамызда Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея әскерилері шекара маңында бір-бірін артиллериядан атқылаған.