Түркияның Хаккяри провинциясының Шемдинли қаласына жақын жолда көлікке орнатылған мина жарылып, екі әскери қызметкер қаза тапты. Үш әскери жараланды.
Анкара шілдеде күрд көтерілісшілерімен бітімді үзіп, елдің оңтүстік-шығысында Күрд жұмысшы партиясы лагерлеріне әуеден шабуылдай бастағанан бері түркиялық әскерилерге қарсы жарылыстар мен шабуыл да күшейген.