Қытай несие қайтарымының пайызын азайтты

Көрнекі сурет

Қытай билігі экономикалық өсімге дем беру үшін несиені қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесін азайтты.

Қытай орталық банкі 25 тамызда, биржа индекстері екі күн бойы құлдырағаннан кейін негізгі пайыздық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға азайтып, 4,6 пайызға дейін түсірді.

Пекиннің бұл қадамынан соң Еуропа қор биржаларында түстен кейін Stoxx 50 акциялары бағасы 4 пайызға қайта көтеріліп, Нью-Йорк биржасында Dow Jones Industrial Avarage акциялары құны ертеңгілік саудада 2 пайызға жоғарылады.

Қытай қор биржаларында акциялар бағамы маусым айынан түсе бастаған.

Қытайдағы өнеркәсіп өндірісі бірнеше жыл қатарынан үздіксіз экономикалық өсімнен соң биыл төмендей бастаған. Инвесторлар мұның салдары Қытай нарығына сүйенген елдер мен компанияларға да тиюі мүмкін деп алаңдайды.