Ливия жағалауы маңында ондаған мигрант өлген

Жерорта теңізі жағалуында отырған мигрант. (Көрнекі сурет)

Migrant Report ұйымының хабарлауынша, Италия полициясы Ливия жағалауынан солтүстікке қарай елу километрдей қашықтықта теңізде 400 мигрант мінген қайықтан 30 адамның мәйітін тапқан. Алдын ала болжам бойынша, олар қайық моторынан бөлінген газдан уланып қалған.

Бұған дейін Ливия полициясы теңізге батқан тағы бір қайықта отырған 17 мигранттың суға батып кеткені туралы хабарлаған. Жағалау күзеті тек 20 мигрантты құтқарып қалған. Олардың көбі – Нигерия мен Гана азаматтары деп хабарланды.

Соңғы алты айда Жерорта теңізі арқылы Еурпопаға жетпек болған екі мыңға жуық босқын опат болған. Грекия билігінің мәлімдеуінше, соңғы алты айда елге 200 мыңнан аса мигрант келген.