Қытай билігі елдің солтүстік-шығысындағы портты Тяньцзин қаласындағы жарылыстарға күдікті ретінде 12 адамды ұстады. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, ұсталғандар арасында Tianjin International Ruihai Logistics Co. Ltd. компаниясының басшысы Ю Сюэвэй мен оның орынбасары Дун Шэсюань және өзге үш топ-менеджер бар. Компания жарылыс болған химиялық заттарды сақтаумен айналысады.
Тамыздың 13-іне қараған түні Тяньцзин қаласында болған екі жарылыстан соң химиялық заттар қоймасында өрт шыққан еді. Апаттан 139 адам қаза тапқан. Олардың жартысынан көбі - оқиға орнына барған соң қаза тапқан өрт сөндірушілер.
Бұлардан өзге 34 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Зардап шеккен 700-ге тарта адам адам ауруханада жатыр.
Жарылыстар салдарынан ауаға көп мөлшерде аса қауіпті зат – натрий цианиді тараған.