Алматыдан 285 шақырымда жер сілкінген

Алматы облысының аумақтық картасы.

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат түнгі 00:26 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 3285километрде 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, он километрге дейінгі тереңдікте болған.

Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.