Пәкістан президенті Мамнун Хусейн Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуінде Пәкістан мен Қытайды "темірдей берік дос" елдер деп атады.
2 қыркүйекте Пекинде өткен кездесуде Хусейн "Зарб-э-Азб" деп аталатын антитеррорлық операция Пәкістандағы терроризмді жоюда сәтті өткенін айтты. Хусейн "Менің ойымша, Пәкістандағы "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" ұйымы мүшелерінің түгелге дерлік көзі жойылған. Ұйым содырлары толық жойылмаған шығар, бірақ олардың саны өте аз болуы тиіс" деп мәлімдеді.
"Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" (ШТИҚ) Пекиннің этникалық ұйғырлар тұратын Шыңжаң аймағына бақылау орнатқанына қарсы.
Си Хусейнге Пекин "Пәкістанның өз ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабын қолдай беретінін" айтқан.
Пәкістан президенті Пекинде 3 қыркүйек күні өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына арналған әскери парадқа қатысады.