Түркияда шабуылдан 10 полицей қаза тапты

Түркиялық полицейлер, Стамбул. (Көрнекі сурет)

Түркияның шығысында бүгін бомба жарылып, 10 полицей қаза тапты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс 8 қыркүйекте Әзербайжанмен шекарадағы бекетті қарауылдайтын полицейлерді алып келе жатқан шағын автобуста болған.

Ресми Anatolia агенттігі бұдан бұрын кеше түнде 50-ден астам әскери ұшақ Ирактың солтүстігіндегі тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы рейд жүргізіп, кемінде 35 бүлікшіні өлтіргенін хабарлаған.

6 қыркүйек күні Түркияның оңтүстік-шығысында 16 сарбаз жол жиегіне жасырынған бомбаға түсіп қалып қаза тапқан.

Түркия әскерилері шілде айында Күрд жұмысшы партиясының елдің оңтүстік-шығысы мен Ирактың солтүстігіндегі лагерлеріне әуе шабуылдарын бастаған. Бұдан соң аймақта түркиялық полицейлер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасау көбейді.