Киев Халықаралық қылмыстық сот тергеуіне келісім берді

Украина әскерилері. (Көрнекі сурет).

Украина Ресейдің Қырымды аннексиялауын және елдің шығысындағы қақтығысқа қатысын халықаралық қылмыстық соттың тексеруіне келісім берді.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкиннің ресми мәлімдемесінде халықаралық соттың 2014 жылдық ақпанынан бергі оқиғаларға қатысты «тергеу жүргізуге және қылмыс жасағандарға жаза кесуге» мүмкіндігі бар екені айтылған.

Алайда халықаралық қылмыстық сот тексеру бірден басталмайтынын айтты. Бұған дейін Киев халықаралық қылмыстық сотқа 2013 жылдың қарашасы мен 2014 жылдың ақпаны аралығында елде болған жаппай толқуды тексеруге де рұқсат берген.

БҰҰ мәлімдеуінше, Украинаның шығысындағы қақтығыстан 7900-ге жуық адам қаза тапқан.