Одессада «Оңшыл сектор» мен «Автомайдан» жетекшілері қамалды

Your browser doesn’t support HTML5

Одесса соты «Оңшыл сектор» облыстық бөлімшесі жетекшісі Сергей Стерненконы екі айға тұтқындауға шешім шығарды. Ол Коминтерн аудандық кеңесінің депутаты Сергей Шербичті ұрлаған деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, Одессе «Автомайдан» қозғалысы жетекшісі Евгений Резвушкин де қамалған деп хабарлады қозғалыстың баспасөз хатшысы Елена Семененко. Сот ғимараты алдына жиналған ондаған наразы белсенділер биліктен ұсталғандарды босатуды талап еткен. Олар автокөлік дөңгелектерін жағуға әрекет жасағанымен, полиция жедел қимылдап, жол бермеген. Белсенділер ұрандап, Украина гимінін шырқаған. Одесса, 8 қыркүйек 2015 жыл. Азаттықтың Украин қызметінің видеосы.