Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болды

Бердібек Сапарбаев вице-премьер кезінде Алматыдағы селге қатысты журналистер алдында сөйлеп тұр. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарланды бүгін Ақорданың Twitter-дегі парақшасында. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бұдан ертерек Ақтөбе облысының бұған дейінгі әкімі Архимед Мұхамбетовті Қостанай облысының әкімі етіп тағайындаған.

Сапарбаев вице-премьерлікке дейін Шығыс Қазақстан облысының, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.