Алматыдан 345 шақырымда жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 14:40 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 345 километрде 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, бес километрге дейінгі тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 9,6.

Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.