Байқоңырға "Протон" орналастырылды

"Протон" ракета тасығышы.

Ресейлік "Экспресс-АМ8" спутниктік байланысы орнатылған "Протон" ракетка тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағына орналастырылды. Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, "Протон" Астана уақыты бойынша дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні cағат 01.00-де ұшырылады.

Бұл былтыр мамыр айында құлаған "Протоннан" кейін Байқоңырдан үшырылатын екінші ракетка тасығыш болмақ.

"Протон" апатынан кейін Қазақстанда бірқатар белсенді "Антигептил" экологиялық тобына бірігіп, Астанада қарсылық шараларын ұйымдастырған.