Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына барды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сапар барысында Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды.
Сондай-ақ Назарбаев Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысады.