Египет президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси бүгін жаңадан құрылған министрлер кабинеті құрамының антын қабылдады. Жаңа үкіметті бұрынғы мұнай министрі Шериф Исмаил басқарады.
Премьер-министр Ибрагим Махлаб жетекшілік еткен бұрынғы үкімет елдегі коррупция туралы жанжал салдарынан қыркүйектің 12-і күні отставкаға кеткен еді. Оған дейін, қыркүйектің 9-ы күні Египет ауыл шаруашылығы министрі Салах Хилал тұтқындалған. Ол жалпы құны 3 миллиард египет фунты (шамамен 385 миллион доллар) тұратын мемлекет жерін айла-шарғы жасауға пайдаланған деген күдікке ілінген.
Бұрынғы кабинетте ішкі істер, қорғаныс, қаржы, инвестиция және әділет министрлерін басқарған тұлғалар жаңа үкіметтің құрамында да сол қызметтерінде қалған.