Грекия: Ципрас партиясы алда келеді

"Сириза" және "Жаңа демократия" партиясының лидерлері Алексис Ципрас (сол жақта) пен Венгелис Меймаракис.

Жексенбіде Грекияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Алдын ала есеп бойынша, бұрынғы премьер-министр Алексис Ципрастың "Сириза" солшыл партиясы 30-34 пайыз аралығында дауыс жинап алда келеді.

Венгелис Меймаракистің консервативтік "Жаңа демократия" партиясы 28-32 пайыз дауыспен екінші орында тұр.

Грекиядағы кезектен тыс сайлауға барлығы 19 саяси партия мен коалиция қатысқан.

Биыл 20 тамызда биліктегі «Сириза» партиясының жетекшісі Алексис Ципрас премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен соң, ел парламенті таратылып, кезектен тыс сайлау белгіленген.