Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы бағамы 264,12 теңгені құраған. Яғни, кешегі таңертеңгі сауда қортындысымен салыстырғанда доллар бағамы 5;84 теңгеге арзандаған.
KASE сайтындағы ақпарат бойынша, бүгін таңертеңгі саудада 41 миллионға жуық доллар сатылған.
Алматыдағы валюта айырбастау орындарында доллар 265-265,5 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк биыл тамыздың 20-сы күні инфляциялық таргеттеу саясатына көшетінін мәлімдеп, теңге бағамын еркіне жіберген еді.
Қыркүйектің ортасында доллар бағамы 300 теңгеге жеткен соң Ұлттық банк «қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін» валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.