Сот үкімімен түрме жазасына кесілген, «Таблиғи Жамағат» діни ағымын ұстанушы 46 жастағы Сәкен Тулбаев бүгін Алматының тергеу абақтысынан Павлодар облысына жөнелтілді деді Азаттыққа тергеу абақтысының өкілі. Бұған дейін абақты бастығы полковник Нұрбол Тайбеков тұтқынға жылы киімдер беруге рұқсат еткенімен оған жолықтырмады деп хабарлады Тулбаевтың туыстарына Азаттыққа.
Алматының Бостандық аудандық соты шілде айында «діни араздықты өршітті және қызметіне тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни ұйымына мүше болды» деген айыппен Сәкен Тулбаевты төрт жыл сегіз айға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған. Сәкен Тулбаев өзін кінәсізбін деп санайды. Оның сот үкіміне берген шағымын қыркүйектің 7-і күні Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы қанағаттандырмай тастаған.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылы ақпанның 26-ы күні шығарған шешіміне сәйкес, «Таблиғи Жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында оның қызмет-әрекетіне тыйым салынған.