Мәскеу: "Бейбітшілік шеруі" кезінде 11 адам ұсталған

Мәскеудегі "Бейбітшілк шеруі". 21 қыркүйек 2014 жыл.

Мәскеуде полиция «Бейбітшілік шеруіне» шыққан 11 адамды ұстады деп хабарлады құқыққорғаушы «ОВД-инфо» порталы. Соғысқа қарсы акцияны өткізуге биліктің тиісті келісімі болмаған. Шараға 30-ға жуық адам қатысқан.

Ресейде бүгін Мәскеуден басқа Петербург, Екатеринбург, Нижний Новгород, Саратов және Воронеж қалаларында да «Бейбітшілік шеруі» өткені туралы ақпараттар осы акцияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

«Фонтанка.ру» интернет-басылымының хабарлауынша, Петербургте билік қалада спорттық шаралар өтетінін алға тартып акцияға рұқсат бермегеніне қарамастан «Бейбітшілік шеруіне», түрлі деректер бойынша, 250-ден 400 адамға дейін қатысқан. Акция барысында бір адам ұсталған.