Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 271 теңге 5 тиынды құрады. 1 қазандағы таңертеңгілік саудада доллар 270 теңге 90 тиын болған. Бүгінгі саудада 109 миллионнан астам доллар сатылған. Бұл - кешегі сатылған көлемнен 9 миллионға көп.
Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.
16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.