Францияда табиғи апаттан он адам опат болған

Көрнекі сурет.

Францияның оңтүстік-шығысында жексенбіге қараған түні жауған қатты нөсер тасқынға ұласып, салдарынан он адам мерт болған. Тасқын кезінде хабарсыз кеткен алты адам табылмай жатыр.

Табиғи апат болға аймаққа бүгін ел президенті Франсуа Олланд пен үкімет жетекшісі Мануэль Вальс аттанған.

Жексенбі күні таңертең Олланд қайғылы сәтте «ұлтпен бірге ынтымақта» болуға үндеп, «табиғи апат салдарымен күреске бір кісідей жұмылған» құтқарушыларға алғыс білдірген.