Бүгін таңертең Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 158 километр қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Астана уақыты бойынша сағат 3:43 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, бес километр тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.