Порошенко Астанаға келе жатыр

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко бүгін екі күндік ресми сапармен Қазақстанға аттанды деп хабарлады украин президентінің баспасөз қызметі. Ол бүгін Астанада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, ал ертең – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

Қос президент кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, агроөнеркәсіп, көлік, өнеркәсіп пен ғарыш салаларында екіжақты қарым-қатынастар жайын талқыламақ. Сонымен бірге Назарбаев пен Порошенко Минск келісімдерін жүзеге асыру жөнінде де пікір алмасады деп хабарланды.

Порошенконың Қазақстанға тұңғыш сапары аясында екі ел президенттері Астанада өтетін қазақ-украин бизнес-форумына қатысады деп жоспарланған.