"Әділ сөз": Жұманова - шабуылға ұшыраған 250-журналист

Youtube желісіне жарияланған «Бота Жұмановаға шабуыл» видеосынан скриншот.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы журналист Бота Жұманованы соққыға жығу - Қазақстанда 2000 жылдан осы кезге дейін Қазақстанда редакция мен журналистерге жасалған 250-шабуыл деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйым Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

10 қазанда интернетте «Бота Жұмановаға шабуыл» деген атпен тараған видеода түнгі мезгілде үйдің есігін ашып жатқан әйел адамды жас жігіттің ұрып кеткені түсіп қалған. Алматы ішкі істер департаменті Жұманованың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растаған.

Қаладағы 7-қалалық клиникалық ауруханасының қызметкері бұған дейін Азаттыққа Бота Жұманова есімді адамның басынан жарақат алып, қазанның 9-ына ауған түні хирургия бөліміне түскенін айтқан.