Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин тергеу абақтысына қамалды деп хабарлайды бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.
Полицияның ақпаратына қарағанда, белсенділердің қамалуына олардың "әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыратын, ұлттық ар-намысқа тіл тигізетін белгілері бар мәлімет таратқаны" туралы ақпарат себеп болған. ІІД Мәмбеталин мен Нарымбаевтың үйлеріне тінту прокуратураның санкциясымен жасалғанын айтады.
Бұған дейін Мәмбеталин мен Нарымбаевтың туыстары Азаттыққа полиция тінту кезінде белсенділердің компьютерлерін әкеткенін айтқан. Туыстарының айтуынша, Нарымбаев пен Мәмбеталин үш тәулікке қамалған.