Нидерландта құлаған Boeing-ті құрап шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Malaysia Airlines компаниясының 2014 жылы шілдеде Украина шығысында атып түсірілген Boeing ұшағы сынықтарын Нидерланд мамандары құрап шықты. Нидерланд қауіпсіздік кеңесі ұшақ апаты зерттеуінің қорытындысын 13 қазан күні жариялап, Амстердамнан Куала-Лумпурге шыққан ұшақты ресейшіл сепаратистер бақылау орнатқан аймақтан әлдекімдер БУК зымыран кешенінен атып түсірген деп мәлімдеді. Ресей бұл қорытындымен келіспейді. MH17 рейсімен ұшқан Boeing апаты кесірінен 298 адам қаза тапқан еді.