Бүгін Шымкенттегі Наурыз алаңында қала күніне арналған мерекелік шаралар өтті.
Күн райы жауын-шашын болғандықтан мерекелік шараны тамашалауға келгендер қатары шамалы болды. Алаңға көрермен ретінде жиналғандардың басым бөлігі мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері және полицейлер болды.
Сағат 11-де басталады деп хабарлаған шаралар бір сағатқа кешігіп басталды. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен жоғарғы оқу орындары 15 киіз үй тігіп, концерттік бағдарламаларын көрсетті. Алаңда жеміс-жидектер көрмесі өтті. Осы маңдағы ипподромда ат жарысы ұйымдастырылды.
Бүгін кешке мерекелік шара «Алтын күз» фестивалі және гала-концертпен жалғаспақ.
Шымкенттегі қала күні мерекесінен фотогалерея: