Ираннан келген қазақтар жиыны
Ираннан қоныс аударған қазақтар елге оралғандарының 20 жылдығын Мұрат Өскенбаев атындағы филармонияда атап өтті. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Маңғыстауға келген Иран қазақтары облыстық филармония залында сахнадағы көріністі тамашалап отыр. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Жиынға қатысуға келген кейбір қазақтар әлі Иранда тұратындары, бұл бас қосуға қатысуға арнайы келгендерін айтады. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Иранда тұратын Ақтөреш Ескелді орыс тілін білмегендіктен Қазақстанға келуге жасқанатынын айтады. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Иранда тұрып жатқан Әбіш Павиз математика пәнінен 30 жыл сабақ берген. Найза, диск лақтыру, зілтемір көтерудің бұрынғы чемпионы қазір ол елде бапкерлікпен айналысады. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Әбіш Павиз Қайыптың «Ақбөбек» әнін иран мақамымен орындап тұр. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Профессор Ислам Жеменей (сол жақта) және мәдениет қайраткері Есен Күмісқали Иран Ислам Республикасының Ақтаудағы бас консулы Махмуд Адибке (ортада) Иран қазақтары атынан сый-сияпат көрсетті. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.
Маңғыстаудағы Шахмардан Есенов атындағы университеттің ағылшын және парсы тілдерінің оқытушысы Нияз Тобыш "жиынның мақсаты - елге оралған қазақтардың 20 жылдағы жетістігін көрсету" дейді. Ақтау, 25 қазан 2015 жыл.