Семейде өрттен екі адам қаза болған

Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында «Восточный» саябағы кооперативіндегі үйлердің біріндегі өрт салдарынан екі адам мерт болып, бір адам зардап шеккен.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, бейсенбіге қараған түні өртенген үйден екі адамның жансыз денелері табылған. Ол екеуі иіс тиіп қайтыс болған деген болжам айтылып отыр.

Ал денесінің 12 пайызын күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілген.