Оралда бүгін ондаған тұрғын Ресей консулдығына барып, Египетте ұшақ апаты құрбандарына көңіл айтты.
Тұрғындар консулдық алдына гүл шоқтарын, ойыншықтар қойып, шырағдандар жақты. Ресейдің Оралдағы бас консулы Саид Забитов оралдықтардың ресейліктер қайғысына ортақтасқанына алғыс білдірді.
Ресейдің "Когалымавиа" (Metrojet) компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағы 31 қазанда Египеттің Синай түбегінде апатқа ұшырап, борттағы 224 адамның барлығы қаза тапқан. Құрбандардың басым көпшілігі - Ресей азаматтары.